"Жылап, тұншыға бастаған". Көкшетаудағы мектептердің бірінде балалар қысылып қалды

Көкшетаудағы мектептердің бірінде балалардың қысылып қалғаны видеоға түсіп қалды. Видеода кейбірі еденге құлап, кейбірі жылап жатыр. Білім басқармасы тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрда мектеп формасын киген балалардың қысылып тұрғанын көруге болады. 

Желідегілердің айтуынша, видео ата-аналар чатында тарап кеткен.

Бұл видео Желі қолданушылардың наразылығын тудырды. 

"Иә, бұл №1 мектепте болған, не деген масқара, тез арада турникеттерді алып тастау керек! Өрт немесе басқа жағдай болса, оның салдары ауыр болуы мүмкін", "Терминалдарды орнатты, жарадыңдар. Бірақ біздің мектептерде есіктерді ашпау әдетке айналған. Балалар есіктің жанына жиналады, олар есіктерді сосын ашады, балалар бір есіктен шығады. Бұл үнемі менің жыныма тиетін", - деп жазған олар.

Ақмола облысының білім басқармасы өкілдері бұл жағдай Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясында болғанын растады.

Мектепте 2866 бала оқиды. Білім ордасы екі ауысымда ғана жұмыс істейді. Сабақтар әдеттегідей өтеді. 

"Видео әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін Ақмола облысының білім басқармасы өкілдері қызметтік тексеру жүргізді. Бұл жағдай оқу уақыты біткенде, барлық сынып бір уақытта мектеп дәлізіне шыққан кезде болғаны анықталды.

Қазір мектеп әкімшілігі сабақ кестесін, оқушылардың үзіліске шығу және сабақтан шығу кестесін ретке келтірді. Қажетті шараны дер кезінде қолданбаған мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді басқарма өкілдері. 

Ведомстводағылардың мәліметінше, балалар арасында зардап шеккендер жоқ. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз