Адамсенгісіз күш: Зәкір Найманбаевты көлік басып өтті

Адамсенгісіз күш: Зәкір Найманбаевты көлік басып өтті
Фото: Видео кадры

Желіде пауэрлифтингіден чемпион Зәкір Найманбаевты көлік басып өткен видео пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видеоны спортшы Instagram-парақшасында бөлісті. 

Видеода спортшының жерде жатқанын, оны Volkswagen Golf көлігі басып өткенін көруге болады. Мұндай көліктің салмағы бір жарым тоннаға жетуі мүмкін.

"Көлік үстімнен басып өтті. Бөксем аман. кетті. Жүк көлігін сынап көргім келген, бірақ Volkswagen-нен бастауды жөн көрдім", - деп жазған спортшы парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Закир Найманбаев (@zakir_naimanbayev)

Желі қолданушылар спортшының күші мен дайындығына таңғалып, түрлі пікір қалдырған. 

"Зәкір, енді былай істеме", "Көлікті аясаң қайтеді?" "Күнде осындай жаттығу істеп жүрсең, белің мүлде ауырмайды", "Зәкір, жарайсың, балуан", - деп жазған олар. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек