Тек 26 минут жеткілікті: ақылды және креативті болуға көмектесетін әдіс

Тек 26 минут жеткілікті: ақылды және креативті болуға көмектесетін әдіс
Фото: pixabay.com

Кейбір күндері күшіңіз бойыңызға сыймай, ойыңызға түрлі идея келіп, сергек жүресіз. Бірақ керісінше болатын күндер де кездеседі: энергияңыз жоқ, ешкіммен сөйлескіңіз келмейді. Қырсыққанда дәл осы күндері маңызды оқиға болып қалады, шешім қабылдау немесе қандай да бір идея ойлап табу керек болады. Эндокринолог Зухра Павлованың айтуынша, жағдайды құтқаруға болады. Ол бұл жайлы Doctorpiter порталына айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Оның құпиясы қарапайым. Аздап ұйықтап алыңыз – сол кезде бәрі жақсы болады. Ғалымдар күндіз аздап ұйықтап алу креативті, өнімділікті және зейінді арттыратынын анықтаған. Мұны дәлелдеу үшін сарапшылар тәжірибе жүргізген", - дейді эндокринолог.

49 адам ағаш жайлы шығарма жазуы және тағы бірнеше тапсырма орындауы керек болған. Зерттеуге қатысушыларды бірнеше топқа бөледі: бірінші және екінші топ емтихан алдында 45 минут ұйықтап алады, бірақ бірі алдымен шығарма тақырыбы жайлы ойлайды, ал қалғандары басқа нәрсе ойлап жатады. Үшінші және төртінші топ мүлдем ұйықтамайды: жартысы шығарма жайлы ойлап отырады, екінші жартысы қағазға түрлі нәрсе жазады.

Ең жақсы нәтижені шығарма тақырыбы жайлы ойлап барып ұйықтаған топ көрсетеді. Олар шығарманы екінші топқа қарағанда 43%-ға, ал үшінші және төртінші топқа қарағанда 78%-ға жақсы жазып шығады. Зерттеушілердің ойынша, ұйқы кезінде ми бізге соңғы ойлап жатқан тақырыпқа қатысты қызықты идеялар береді.

"Мұндай демалыстың ұзақтығы – 26 минут болғаны жақсы. Одан аз ұйықтауға да болады. Бастысы, терең ұйқыға кетіп қалмау керек және 16:00-ден кейін ұйықтауға жатпау керек. Әйтпесе, мең-зең болып оянуыңыз мүмкін", - деп қорытындылады дәрігер.

Сиеста – түстен кейінгі 20 минуттық демалыс

А. Жапатова