Алматыда алып бала дүниеге келді

Алматыда алып бала дүниеге келді
Фото: elements.envato.com

Алматыдағы №5 қалалық перзентханада салмағы 6 келі 300 грамм бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Сәби кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Дәрігерлер де, баланың анасы да оның салмағы үлкен болады деп күтпеген. 

"Салмағы 6 300 грамм болатын сәби - біздің перзентханада дүниеге келген ең үлкен бала. Операция сәтті өтті. Бәрі жақсы аяқталды. Ана мен баласының дені сау. Бұл - осы отбасындағы үшінші бала", - деп түсіндірді Жаңа туған нәрестелер бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Кененбаева.

Маманның сөзінше, төрт келіден асатын балалар үлкен болып саналады, ал 5000 грамнан асатын нәрестелер алып деп аталады.

Еске салайық, бұған дейін Оралда алып бала дүниеге келгені хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова