"Мойны мен қолын жарақаттаған". Шымкентте мас ер адам полицейге пышақпен шабуыл жасаған

"Мойны мен қолын жарақаттаған". Шымкентте мас ер адам полицейге пышақпен шабуыл жасаған
Фото: Видео кадры

Шымкентте мас ер адам учаскелік полицейге пышақпен шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

6 қыркүйекте кешке Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік инспекторы отбасыда жанжал шыққаны туралы шақырту түскен мекенжайға барды. Жергілікті тұрғын оны күйеуі ұрғанын айтты.

Учаскелік полицей қолында пышағы бар үй иесін көрген. Тәртіп сақшысы пышақты тастауды талап еткенде, мас ер адам оған шабуыл жасап, мойны мен қолын жарақаттаған.

Полиция қызметкері әріптесімен бірге қаскүнемді қарусыздандырды.

Бұл жайтты тергеушілер Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі "Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану" бойынша тіркеді.

Күдікті 2015 жылы осы баптың бірінші бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, бұрын әйелінің денсаулығына зиян келтіргені үшін әкімшілік қамауға алынып, полицияның есебінде тұрған.

Ер адам қазір қамауда. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек