Ұлытау облысындағы кеніште 39 жастағы жұмысшы қаза болды

Ұлытау облысындағы кеніште кенші қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаражалдағы шахтада 39 жастағы жұмысшы қаза болды. Жұмыс берушінің айтуынша, бұл - жазатайым болған оқиға. Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Өркен" ЖШС кенішінде жазатайым оқиға болғанын хабарлаймыз. 1984 жылы туған кенші қаза болды. Арнайы комиссия құрылып, іс тергеліп жатыр. (...) Ұжымдық шартқа сәйкес қаза болған адамның отбасына барлық қажетті қолдау көрсетіледі", - деп хабарлады "Өркен" ЖШС баспасөз қызметі.

Еске салайық, биыл маусымда Батыс Қаражал шахтасында тау-кен массасының опырылуыынан жерасты машинисі қаза болды. Қаза болған адам "Өркен-Атасу" ЖШС "Өркен" қызметкері болған. Ол түнгі ауысымда серіктесімен бірге кен бетіне көтеру міндетін атқарған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!