Алматыда жол жөндеу компанияларының "қара" тізімі пайда болды

Алматыда жол жөндейтін компаниялардың "қара" тізімі жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу ауданының тұрғындарының бірі Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде көппәтерлі үйдегі аулаішілік жолды жөндеуді сұрады.

"Бізде аулаға кіретін жол жоқ. Шілдеде жөндейміз деп уәде берілген еді. Көлікпен жүре алу үшін жөндеңіздерші. Көліктер соғылып жатыр, менде ондай қаражат жоқ", - деді Эйхе көшесіндегі үйдің тұрғыны.

Ерболат Досаев тұрғынның сұрағына бұл ауданда өз жұмысын сапасыз орындайтын мердігерлердің белгілі бір "қара" тізімі бар екенін айтты. Солардың бірі - "Сұңқар" компаниясы.

"Біз оларды немқұрайлықпен жасалған жұмыстарын жөндеуге мәжбүр етеміз, олар тесіктерді жамап, шұңқырларды толтырады. Біз оның жолын таптық. Мен әкімдікке сіз айтқан мекенжай бойынша тапсырма беремін. Қыркүйектің аяғына дейін жұмысты аяқтауға тырысамыз. Шұңқырды толтырып, жазда ғана емес, қыста да ыңғайлы жүру үшін мүмкіндігінше сапалы жол жасаймыз", - деді қала әкімі.

Өз баяндамасы барысында Досаев жалпы Жетісу ауданында биыл 18 көшеге 22 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізу жоспарланғанын хабарлады. Төрт көшеде (Омаров, Қазыбаев, Хожамьяров және Қазыбаев) жол жөндеу жұмыстары қыркүйекте, ал қалған 14 көшеде қазанда аяқталады.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі биыл берілген өкілеттіктер аясында ауданы 8 мың шаршы метр болатын 11 көшедегі жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазанның аяғына дейін тағы 7 мың шаршы метр жолды жөндеу жоспарда бар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз