Оқушы мектепті қалай ауыстыра алады?

Оқушы мектепті қалай ауыстыра алады?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Оқу жылы басталғанда, оқуға, мектепке қатысты түрлі мәселелер де туындай бастайды. Соның бірі - мектеп ауыстыру мәселесі. Көбіне тұрғылықты мекен жайын өзгерткен, жұмысқа байланысты басқа қалаға көшкен ата-аналар баласының мектебін ауыстырып жатады. Massaget.kz тілшісі министрлікке ресми сауал жолдап, бұл процесс қалай жүзеге асырылатынын сұрады.

Орта білім беру комитеті мәліметінше, білім алушыларды бір мектептен екінші мектепке ауыстыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде реттеледі.

"Бұл бұйрыққа сәйкес білім алушыларды бір мектептен екінші мектепке ауыстыру үшін ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші мен құжаттарды қабылдау туралы есептен шығару талоны қажет", - делінген ресми жауапта.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері жылдың қай мезгілінде оқушының мектебін ауыстыруға болатынын айтты.

"Басқа елді мекенге көшуге байланысты баланы өзге мектепке ауыстыру шектелмейді, бұл жағдайда оқу жылының кез келген уақытында ауыстыруға болады", - делінген жауапта.

Еске салайық, бұған дейін 1-сынып оқушыларының ата-аналары не білуі керек екені туралы материал жарияланған болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова