"Корпоративтік" өнім қазақстандықтарға тұрғын үйге қол жеткізуде қалай көмектесе алады?

Қазақстанда тұрғын үй мәселесі мегаполистерде ғана емес, көбіне ірі кәсіпорындардың жұмысшылары қоныстанған индустриалды шағын қалалаларда да әлі өзекті болып отыр. Шағын болса да пәтер сатып алу көптің көкейіндегі арман. Сол арманды жүзеге асыруға қол ұшын беріп, қызметкерлеріне қамқорлық жасап жүрген жұмыс берушілер бар. Олар инженер, жарық жөндеуші, шахтер, аспаз бен сілесір сияқты қарапайым қызметкерлеріне баспана алуға көмекке келуде.

Мұндай кәсіпорындардың басшылығы қызметкерлері жалдамалы пәтерлерде, арнайы инфрақұрылымы жоқ жеке үйлерде, апатты жағдайдағы ғимараттарда күн көретінін жақсы біледі. Сондықтан оларға тек сөзбен емес, іспен жәрдемдесіге ат салысып отыр. Мұндай компаниялар үшін өз жұмысшыларына жеке баспана сатып алуға көмектесу - әлеуметтік жоба ғана емес, сонымен қатар, тамаша мотивация құралы. Дәл осындай кәсіпорындар үшін Отбасы банк көптеген өнімдерімен қатар "Корпоративтік" өнімін жүзеге асырып келеді. Бұл компанияларға, фирмаларға, кәсіпорындарға қолжетімді шарттармен несие алып,  қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін шешуіне көмектесуге арналған.

"Корпоративтік" өнім жан-жақты ойластырылған. Конструктор әдісімен ұйымдастырылған бағдарлама еліміздің көптеген қалаларындағы шынайы өмірдің кез келген жағдайына, шартына бейімделе алады. Оның көмегімен әрбір компания өзіне сай келетін шарттардың ыңғайлы нұсқасын жасап ала алады. Бұл жағдайда банк компаниядан пайызбен қаражат алады немесе компания қажетті соманы депозитке салады. Тіпті облигацияларды шығаруға да болады, бұл - опциондарды қамтамасыз етудің дәстүрлі түрі. "Корпоративтік" әмбебап өнімнің арқасында берілген заемдардың жалпы сомасы бүгінде 10 миллиард теңгеге тең Ал бұл қоныс тойлаған 600-ден аса бақытты отбасы бар дегенді білдіреді.

Астана қаласындағы Отбасы банк филиалының басшысы Жансұлтан Матайдың айтуынша, Отбасы банк жүзеге асыратын мемлекеттік бағдарламалар әкімдіктерде кезекте тұрғандарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Бірақ әрқашан олай бола бермейді: мысалы, зауыттың қарапайым жұмысшысы немесе жеке клиниканың медбикесі де бұл кезекке тұра алады. Дегенмен көп жағдайда олардың жалақысы бастапқы жарна ретінде заем сомасының 50 пайызын жинауға мүмкіндік бере бермейді. Ал басқа коммерциялық бағдарламалармен бәрі бірдей өтпейді: өйткені кез келген мамандық адамға осындай бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік бермейді.

Сондықтан Отбасы банкінде бұрын кейбір ұйымдардың қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуде бір ғана тәжірибе болды. Бірақ ұйымдардан мұндай өнімге сұраныс артып келе жатқандықтан, қазақстандық кәсіпорындарға қызметкерлерін қолдауға мүмкіндік беретін жеке "Корпоративтік" өнімді әзірлеу туралы шешім қабылданды. Енді жұмыс беруші ұйымдар қызметкерлеріне банктен жеңілдетілген заем  рәсімдеуге мүмкіндік алып беру үшін, өз қаражатын қаржы құрылымына аударып, қызметкерлеріне көмектесе алады.

"Корпоративтік" өнімге тарту үшін кейінгі 2-3 жыл ішінде түрлі компаниямен келіссөз жүргіздік. Бұл бағдарламаға көптеген ұйымдардың тарапынан қызығушылық көп болды. Бұл орайда серіктестік тарапынан қаржыландыру қызметкерлердің әлеуметтік мәселесін шешіп,  тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу мүмкіндігін жүзеге асыруға ықпал етеді. Банк ұсынатын "Корпоративтік" өнімнің шарттары ыңғайлы, себебі қаржы құрылымы компанияның сұранысына қарай оларға ыңғайлы қаржыландыру түрін ұсынады. Осындай құралдардың бірі - берілген қарызды қамтамасыз ету мақсатында компания банкте ашылған арнайы шотта белгілі бір сома салынуын көздейтін ақша кепілі. Мысалы, бұл құралды BBNura ЖШС, Viamedis ЖШС, Viamedis Pavlodar ЖШС медициналық ұйымдары сәтті пайдаланды. Енді аталмыш компаниялардың дәрігерлері, медбикелері заемды қолжетімді мөлшерлемемен рәсімдеп отыр. Тағы бір артықшылығы - бастапқы жарнаның қызметкерлер үшін төмен болуында. Бұл жағдайда ол 10 пайызды ғана құрайды", - дейді Жансұлтан Матай.

Бағдарламаға қатысушы компаниялардың қызметкерлері келісімге қол қоя отырып, бастапқы және қайталама нарықтан құны 40 миллион теңгеге дейінгі тұрғын үйді сыйақы мөлшерлемесі  жылдық 5 пайыздан (ЖТСМ 5,2 пайыздан бастап) кейін жылдық 3,5 пайызға (ЖТСМ 3.6 пайыздан бастап) дейін төмендете отырып, ал қарызды артық төлемсіз, мерзімінен бұрын 19 жылға дейін өтеу мүмкіндігімен рәсімдейді.

Бұл шарттар Қарағанды облысы тау-кен металлургия кәсіпорнының қызметкері Алексей Крамарьды қызықтырған. Ол жерасты жарықслесірі болып жұмыс істейді. Бұл - шахтер мамандығы, яғни ол - шахта жұмысын қамтамасыз ететін басты тұлға. Алексей әріптестерімен бірге пайдалы қазбаларды жерасты әдісімен өндіру кезінде тау-кен электр жабдықтары бойынша қызмет көрсетеді.

Қарағанды облысының әкімдігі де Алексей Крамарь мен оның әріптестері сияқты  шахтерлер мен металлургтерді қолжетімді шарттармен тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытын қолдап отыр. Үшінші жыл қатарынан өңір мәслихаты корпоративтік өнімге қатысу үшін қаражат бөлу жөнінде шешім қабылдап отыр.

"Жұмыс істеп жатқаныма көп болмады, шамамен үш жылдан бері жұмыс істеймін, ал корпоративтік несие туралы хабарландыру тақтасынан оқыдым. Өтініш берейін деп шештім, бір жылдан кейін өтінішіме жауап келді. Қазір отбасым - өзім, әйелім және екі балам жақсы ауданда жаңа, абаттандырылған үш бөлмелі пәтерде тұрамыз және мұнда бәріне жеткілікті орын бар. Біздің компанияда бағдарламаға қатысуға арналған белгілі бір шарттар бар. Мысалы, көпбалалы болу, мүмкіндігі шектеулі азаматтар санатына жату немесе жеке тұрғын үйінің болмауы. Мен соңғы шарт бойынша өттім, бұл - алғашқы жеке пәтерім және оны өзіме ыңғайлы жағдайда сатып алғаныма қатты қуаныштымын. Тұрғын үй құны 14 миллион теңге болды, банк 12,8 миллион теңгеге, 13 жылға 10 пайыздық бастапқы жарнамен мақұлдады", - дейді Алексей Крамарь.

"Корпоративтік" өнімнің басты артықшылығы - бастапқы жарна мөлшері, ол кейбір жағдайларда компаниямен ынтымақтастық шарттарына байланысты тұрғын үй құнының 0 пайызына тең болуы мүмкін. Сондықтан серіктестеріміз бізбен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ниетті: 2023 жылы бірнеше жүз адам баспанамен қамтамасыз етіледі. Алдағы уақытта компаниялар қызметкерлері жеңілдікпен несие алу үшін банкке қаражат бөлуді жалғастыруға дайын", - деді Отбасы банктің Астана филиалының директоры.

Бұдан бөлек, "Корпоративтік" өнім - қазақстандық компаниялар үшін қызметкерлерін, яғни кез келген кәсіпорынның аса құнды ресурсы – білікті маман болса,  бұл оны қолдаудың тамаша мүмкіндігі. Дәл осындай адамдар компанияны жетістікке жетуге көмектеседі. Сондықтан қазір Қазақстанда well being - қызметкерлерге қамқорлық жасаудың халықаралық тәжірибесі танымал болып келе жатыр. Кей мамандық иелері тұрғын үй кезегіне тұра алмайды және мемлекеттік бағдарламаға қатыса алмайды. Бұл ретті қызметкерлеріне қол ұшын созған кәсіпорындар мамандарының тұрғын үй мәселесін шешіп қана қоймай, әріптестерін де қолдайды.

Павлодар қаласының тұрғыны Руслан Құсатаев ERG Еуразиялық тобына кіретін қазақстандық электролиз зауытында жұмыс істейді. Компанияның қамқорлығының арқасында ол екі бөлмелі пәтер сатып алды.

"Біздің ҚЭЗ - Қазақстандағы бірінші әрі жалғыз жоғары маркалы бастапқы алюминий өндірушісі, отандық металлургия флагманы. Әріптестеріммен электролиз әдісімен алюминий чиптерін өндірумен айналысамыз, бұл - толық технологиялық цикл. Ол алюминий тотығының келуінен бастап 20 келі таза металл құймаларының шығуына дейін қамтиды. Біздің учаске электролиз өндірісіне тартылған автоматиканың - электролиз ванналарының, конвейерлердің және барлық басқа жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Зауыт толық автоматтандырылғандықтан, біз үздіксіз жұмыс жүруін қамтамасыз етеміз", - дейді Руслан.

Компания мұндай мықты маманды үй сатып алу секілді маңызды мәселеде қолдауы таңғаларлық жағдай емес. Себебі ERG компаниясында қызметкерлерді қолдау бағдарламасы бұрыннан бар, бірақ дәл Отбасы банкімен ірі серіктестік үш жылдан бері ынтымақтастық орнатып келеді.

"Жеті жыл бұрын зауытқа жұмысқа орналасқанымда, адамдар осыған ұқсас үлгімен пәтер алып жатты. Отбасы банкінің корпоративтік өнімін әріптестеріммен үш жылдан бері пайдаланып келеміз, құжаттарымды жарты жыл бұрын тапсырдым, конкурстан өтіп, пәтер сатып алдым. Өте қуаныштымын, менің орнымда кез келген адам қуанар еді -деп ойлаймын. Біздің зауытқа тиесілі үйден жағдайы керемет екі бөлмелі пәтер алдым. Тұрғын үй бағасы нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен және отбасымыз үшін жағдай қолайлы болды, бастапқы жарна жоқ, құжаттарды рәсімдегеннен кейін бірден үйді алуға болады. Өз пәтерімізде тұрамыз және бір жағынан Отбасы банкіндегі депозитке бастапқы жарна үшін қаражат жинап жатырмыз. Біздің үйдің құнының 50 пайызы шотта жиналған кезде қалған 50 пайызына төмен мөлшерлемемен несие аламыз. Бірақ бастысы қазірден бастап үйде бірден тұру мүмкіндігіміз бар. Ертеңгі күнге деген сенімділік болған соң кәсіпорында жұмыс істей бергім келеді!" - деді ол.

Русланның пікірінше, қызметкерлермен жұмыс істеудің мұндай тәжірибесі қарапайым жұмысшылардың ынтасын арттырады. Оның арқасында бір орында тұрмай, өзіңнің де, балаларыңның да басында баспанасы бар екенін біліп, үнемі алға ұмтылғың келеді.

"Корпоративтік" өнімді танымал ету банк және тұтынушы тараптарға үлкен мүмкіндік береді. Компаниялар үшін бұл - әртүрлі салада, кейде сирек кездесетін кәсіптерге кәсіби кадрлар қалыптастыру жолы. Жасыратыны жоқ, кәсіпқой мамандарды өзге компаниялар жиі еліктіріп әкетеді, ал корпоративті өнім кадрлардың кетуіне жол бермейді. Кез келген компанияның мықты қызметкерлері - өркендеудің басты аспектісі. Компанияның негізгі міндеттерінің бірі - осындай қызметкерлерді түрлі әлеуметтік бағытта қолдау. Жаңа сенімді клиенттер де банк үшін артықшылыққа айналады. Ең бастысы өнімдерімізді сата отырып, Отбасы банкінің миссиясын жүзеге асырамыз. Ал бұл қазақстандық отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету және Отанға деген сезімін арттыру. Жыл сайын өнім бойынша сұраныстар көбейіп келе жатқанын айтқым келеді, бірақ кез келген кәсіпорынмен жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл миллиардтаған инвестициясы бар ірі компания немесе шағын стоматология, дүкен, өндірістік цех болуы мүмкін. "Корпоративтік" өнімі бойынша тіпті 5-10 пәтер сатып алуға көмектесуге дайынбыз. Мұндағы ең бастысы - жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін шешуге деген шынайы қызығушылығы", - деп түйіндеді Жансұлтан Матай.

Материал «Отбасы банкімен» бірлесіп дайындалған