Депутат Тұрлыхановтың ұлы соққыға жыққан қыз полицияға шағымданбаған

Алматы полиция қызметкерлері Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты оқиғаға пікір білдірді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жанжалдасқандардың кім екені анықталған.

"Алматы полиция департаменті бұл дерек бойынша ішкі істер органдарына арыз-шағым түспегенін хабарлайды. Дегенмен, жанжалдасқандар анықталды.

Олар полицияға арызданудан бас тартып, оқиға сол күні шешілгенін және ешкімге шағымы жоғын айтты", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы қызды ұрды деп айыпталғаны хабарланған еді. Бүгін Мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан оқиғаға қатысты пікір білдіруін сұрады.

"Кім баласын жаман болсы дейді. Ересек балалар. Білген жоқпын. Өздері разберутся. Бір-бірін сонша қатты жақсы көретін шығар", - дейді Тұрлыханов.

Кейін депутат Facebook-парақшасында оқиғаны түсіндіріп, пікір білдірді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз