Мегаполистердегі жастар далада қалуы мүмкін - депутат Дәулет Мұқаев

Мегаполистердегі жастар далада қалуы мүмкін - депутат Дәулет Мұқаев
Фото: Видеодан алынған кадр

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев баспана мәселесіне байланысты премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат жыры бітпеген, жастарға берілген жалдамалы пәтер жайлы көтерген.

"2019 жылы - Жастар жылында жастар қуана қабыл алған, жұмысшы жастарға берілген жалдамалы пәтерлер бүгінде жастардың басты мәселесіне айналып отыр. 2019 жылдан бері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалдамалы пәтерге орныққан жастардың саны 10 000-ға жуықтады. Бұл аудан халқымен парапар екенін ескерсек, назар аударарлық мәселе болып отыр.

Иә, бұл жастарға өз баспанасын алуға қаржы жинау мақсатында берілген үлкен мүмкіндік еді. Әйтсе де, үкімет бұл бағдарламаны қабылдағанда өзге де факторларды ескеруді назардан тыс қалдырған сыңайлы. 2019 жылы баспана алған жастардың баспананы босатуына да 1 жылдан аз уақыт қалды. Бүгінде мегаполистердегі жастардың далада қалу қаупі жоғары", - деді ол.

Депутаттың айтуынша, бүгінде елде баспана алуға тиімді бағдарлама жоқтың қасы. Дәулет Мұқаев "7-20-25" аты бар, заты жоқ бағдарлама болып тұрғанын, ал Отбасы банк арқылы 50 пайыз бастапқы жарна жинау 5 жылда мүмкін де емес екенін жеткізді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова