"4 шаян, 2 мерген, 3 тоқты". Үкімет үйіндегілердің жұлдыз белгісі қандай?

"4 шаян, 2 мерген, 3 тоқты". Үкімет үйіндегілердің жұлдыз белгісі қандай?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Журналист Руслан Бахтигареев жаңа үкімет мүшелерінің жұлдыз белгісіне талдау жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір үкіметте 4 шаян, 2 мерген, 3 тоқты барын жазған Бұл талдауын ол Facebook-парақшасында бөліскен. 

facebook.com/urchinus

Қазір үкімет үйінде 26 адам бар. Олар: премьер-министр, оның 6 орынбасары және 21 министр. Айта кетейік, Ерұлан Жамаубаев пен Мұрат Нұртілеу премьер-министрдің орынбасары да, министр қызметін де атқарады. 

  • Премьер-министр Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - мерген. 
  • Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Васильевич Скляр 1971 жылғы 8 мамырда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - торпақ.
  • Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев 1968 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - тоқты. 
  • Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - тоқты. 
  • Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу 1976 жылы 11 наурызда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - балық. 
  • Премьер-Министрдің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғарин 1969 жылы 22 шілдеде дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - шаян.
  • Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Босымбекқызы Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - тауешкі. 
  • Қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - балық. 
  • Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы Саденов 1968 жылы 24 қазанда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - сарышаян. 
  • Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы Сапаров 1966 жылғы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - егіздер. 
  • Әділет министрі Азамат Несіпбайұлы Есқараев 1979 жылы 7 қазанда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - таразы. 
  • Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 1981 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - торпақ. 
  • Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 1969 жылы 8 маусымда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - егіздер. 
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы Жақыпова 1968 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - тауешкі. 
  • Көлік министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаев 1987 жылғы 4 шілдеде дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - шаян. 
  • Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева 1974 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - шаян. 
  • Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев 1969 жылы 3 маусымда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - егіздер. 
  • Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев 1981 жылы 9 шілдеде дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - шаян. 
  • Сауда және интеграция министрі Арман Абайұлы Шаққалиев 1977 жылы 1 желтоқсанда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - мерген.
  • Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов 1967 жылы 31 наурызда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - тоқты. 
  • Төтенше жағдайлар министрі Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов 1967 жылы 1 мамырда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - торпақ. 
  • Туризм және спорт министрі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев 1969 жылы 29 тамызда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - бикеш.
  • Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров 1983 жылы 14 қарашада дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - сарышаян.
  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусин 1983 жылы 3 наурызда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша,  ол - балық. 
  • Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев 1961 жылы 11 тамызда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - арыстан. 

Энергетика министрі Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Жұлдыз белгісі бойынша, ол - сарышаян. 

Сондай-ақ, үкімет үйінде ең жасы - 1987 жылғы туған көлік министрі Марат Қарабаев. Ол 36 жаста. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек