Кентау тұрғыны жатын бөлмесінің астынан жертөле жасап, есірткі өсірген

Түркістан облысында жатын бөлмесінің астынан жертөле жасап, есірткі өсіру үшін фитолаборатория ұйымдастырған күдікті анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел уәкілдер тінту барысында оқиға орнынан 24 түп шелекке отырғызылған сора өсімдігі мен 20 сіріңке қорабына салынған есірткі өсімдігі, сондай-ақ, бір қағаз орамасын тауып, айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Сараптама қорытындысы бойынша шелекке егілген өсімдік жалпы салмағы 2 келіден аса сора, ал сіріңке қорабы мен орамадағы есірткі 300 грамнан асатын кептірілген марихуана болып шықты.

Тәртіп сақшылары бұл жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бап 2-бөлігі (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру) бойынша тіркеуге алды. Күдікті ер адам қамауға алынды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз