"Жеке мектепте оқиды". Мадина Сәдуақасова ұлының оқуына қанша төлейтінін айтты

"Жеке мектепте оқиды". Мадина Сәдуақасова ұлының оқуына қанша төлейтінін айтты
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова ұлының жеке мектепте оқитынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. Өнер иесінің айтуынша, баласының білім алуы үшін айына 450 мың теңге төлейді.

"Біз күшті дайындалғанбыз. Мектепте барлығы өзінікі, біз ештеңе сатып алмаймыз. "Мектеп формасы дайын" деп хат келеді. Жаңа оқу жылы басталмастан 2 апта бұрын келіп, алып кетеміз. Үтіктеп, дайындап, 15 минутта дайындалып келдік. Біз түскен кезде айына 300 мың теңге еді. Қазір айына 450 мың теңге төлейміз. Өшіргіш секілді майда-шүйдеге бас ауыртпайсың", - деді Мадина Сәдуақасова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек