"48 миллион теңге". Қазақстандағы банк басшыларының жалақысы қанша?

"48 миллион теңге". Қазақстандағы банк басшыларының жалақысы қанша?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Finance.kz Telegram-арнасының арнайы "Жалақы" жобасы негізінде елдегі банктердің басшылары қанша жалақы алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Телеарнаның мәліметінше, 2022 жылдың банк маусымына қорытынды жасалған. Нәтижесінде банктердің басқарма басшылары 1 жылда алған жалақылары көлемі жарияланған. Сонымен қатар, басшылардың орташа жалақысы көрсетілген. 

Телеарнаның мәліметінше, Forte Вank басқарма құрамының әр мүшесіне ай сайын орта есеппен 48,4 миллион төлеп, тізімнің басында тұр. Былтыр банк басқарма құрамындағы шетелдіктерді қазақстандық қызметкерлермен ауыстырған.

"Иә, бізде екі Kaspi бар, біріншісі банк, екіншісі де банк, бірақ атауы бөлек және смартфонымызда осы нұсқасы орнатылған", - делінген жазбада. 

Екінші орында RBK банкі тұр. 4 басқарма мүшесіне 1 миллиард 521 миллион теңгеден аса жалақы төленсе, демек әр басшыға ай сайын 31 699 855 теңге төленіпті. 

Altyn банкі үшінші орында тұр. 5 басқарма мүшесіне 1 миллиард 355 миллион теңгеден аса қаржы төленсе, әр басшы орта есеппен ай сайын 22 587 718 теңге жалақы алған.

Бұдан басқа тізімде Halyk Bank, Bereke, Home Credit және Kaspi Bank банктері бар. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек