Зүлфия Сүлейменова су ресурстары және ирригация министрін құттықтады

Зүлфия Сүлейменова су ресурстары және ирригация министрін құттықтады
Фото: gov.kz

Бұрынғы экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалған Нұржан Нұржігітовті құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы экс-министр Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Нұржан Молдиярұлын су ресурстары және ирригация министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтаймын", - деп жазған ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zulfiya Suleimenova (@zulfiya.suleimen)

Сондай-ақ, Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрлігінің биыл атқарған жұмысының бірнеше маңызды нәтижесін атап өтті. 

Еске салайық, 4 қыркүйекте Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек