Екі өңірге жаңа әкім тағайындалады

Екі өңірге жаңа әкім тағайындалады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Екі өңірге жаңа әкім тағайындалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Ақмола облысына жаңа әкім тағайындалады.

"2023 жылғы 5 қыркүйек күнгі сағат 10.00-де Ақмола облысы әкімінің лауазымына тағайындауға келісім беру мәселесі бойынша Ақмола облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысы өткізілетінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалады.

"2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығының 5-тармағының негізінде облыс әкімін тағайындауға келісім беру үшін 2023 жылғы 5 қыркүйекте сағат 11.00-де Тараз қалалық білім бөлімінің оқушылар сарайында (Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 87) Жамбыл облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысы өтетінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова