Желіде қару ұстаған жігіттің видеосы тарады: полиция пікір білдірді

Желіде қару ұстаған жігіттің видеосы тарады: полиция пікір білдірді
Фото: Видео кадры

Желіде қару ұстаған жігіттің видеосы тарады. Кадрда ол көлігінің жүк салғышынан қару алып жатқаны көрінеді. Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз ер адамның қолына қару тәрізді зат ұстап тұрғаны анықталды. Бұл бейнежазбаны Түркістан облысының полицейлері бірден назарға алып, жедел шараларды қабылдады", - делінген хабарламада. 

Нәтижесінде бейнежазбадағы жігіт Сайрам ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Ал оның қолындағы пейнтбол ойнауға арналған автомат екені анықталды.

Жігітпен тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек