"15 жасынан бастап саяхаттаған". Таиландта суға батқан қазақстандық туралы жаңа дерек айтылды

Таиландта Пхукетте суға батқан қазақстандықтың денесін елге жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Смадияровтың сөзінше, 1 қыркүйекте Таиландтағы елшіліктің сенім телефонына Пхукет аралында Қазақстан азаматы жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен. Консул жергілікті билік пен полицияға хабарласқан. Екі күн бойы іздеу жүргізіліп, кеше оның денесі табылды.

"Бүгін ата-анасы оны таныды. Жақын арада оны Қазақстанға жеткіземіз. Қазір құжаттарды рәсімдеу және жергілікті билік органдарымен келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл жігіт бірнеше айдан бері Таиландта болған. Ол 15 жасынан бастап саяхаттаған екен. Әлеуметтік желілерде өте белсенді. Оның YouTube-те блогы бар. Айтишник болуы керек. Мұндай жағдай болғаны өкінішті, ата-анасына көмектесеміз", - деді Смадияров.

Айта кетейік, алғашында Пхукеттің туристік полициясы ол ресейлік турист болуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Кейін оның қазақстандық екені белгілі болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз