"Еріккендер": Өскеменде тұрғындар Counter Strike турнирінің облыстық бюджет есебінен өткізілуіне қарсылық білдірді

"Еріккендер": Өскеменде тұрғындар Counter Strike турнирінің облыстық бюджет есебінен өткізілуіне қарсылық білдірді
Фото: pixabay.com

Жүлделі орындарға іліккендерге жалпы жиынтығы 600 мың теңге сыйақы беріледі. Желі қолданушылары мұны ақша шашудың бір әдісі ретінде қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

3 млн теңгеге жуық шығынды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы көтеріп отыр. Ресми құжаттарға зер салсақ, шараның мақсаты – республика көлемінде кибертуризмді дамыту. Қатысушылардың дені 16 жастан асқандар болуы тиіс. Ұйымдастырушылар Counter-Strike: Global Offensive-тің қазір кез келген жас ерекшелігіндегі тұрғындардың қызығушылығын арттырып келе жатқандығын атап өтті.
Техникалық құжаттамада жарыс қала әкімінің жүлдесіне орай өткізіледі деп жазылған. Әлеуетті жеткізушінің міндеті тек марапаттау рәсімін ұйымдастыру емес, бірінші, екінші және үшінші орын иелегендерге 600 мың теңгені құрайтын сыйлықтар мен кубоктерді табыстау міндеттеледі.
Мердігерлер турнир логотипін таңдап, кибертуризм бағытында мол тәжірибесі бар адамдардан құралатын қазылардың ақшасын төлеуі тиіс. Сондай-ақ әлеуметтік желіде кемі 50 мың оқырманы бар пабликтерге орналастырып, құлағдар етулері басшылыққа алынбақ. Әлдебір дереккөзден естіп алған қала тұрғындары бұндай ақшаға әлдеқайда маңызды шаралар өткізуге болатындығын айтып жатыр.

"Осыны көбі спорт деп қабылдайды. Жастар легі бұған бет бұрса арқа мен бел қисайып, түрлі аурулардың асқынуы осыдан басталады ғой. Білуімше, ойындар кейде сағаттап жалғасады. Еріккендер. Әйтеуір бір орында омалып отырады екен, ашық аспан астында шахмат неге ұйымдастырмайды?", – деді қала тұрғындарының бірі Арайлым Советханова.


Қызығы сол, мердігер сайыс басталып, аяқталғанға дейін тікелей эфир таратуға міндетті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Қ. Әбілдәқызы