Терроризм туралы жалған ақпарат мемлекетке қанша шығын әкеледі?

Терроризм туралы жалған ақпарат мемлекетке қанша шығын әкеледі?
Фото: Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бірінші басқармасының бастығы Алмаз Талқанбаев терроризм актісі туралы жалған хабарламалар бюджетке қанша шығын әкелетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талқанбаевтың айтуынша, терроризм актілері туралы хабарламалар түскен кезде құқық қорғау органдары нақты қауіптің болуының алғышарттарын негізге алып әрекет етеді. 
 
Спикердің мәліметіне сүйенсек, қауіп-қатері бар ақпарат келіп-түссе шұғыл қызметкерлер міндетті түрде оқиға орнына барып, азаматтарды эвакуациялап, объектіні егжей-тегжейлі тексереді, жарылғыш құрылғыны іздеп, апаттың болуына жол бермеу үшін шаралар қабылдайды.

Талқанбаев барлық жағдайда дерлік ақпарат жалған болып шығады деп атап өтті.

"Мұндай ойындар қоғам мен мемлекетке елеулі зиян келтіреді. Түрлі мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыс кестесі бұзылып, азаматтарда қорқыныш сезім мен ыңғайсыздық пайда болады. Біздің есептеуіміз бойынша, осындай жалған бір сын-тегеурінге шығу үшін 200-ден 300 мың теңгеге дейін жұмсалады, ал ірі сауда орталықтарының әр сағатынан келген залал миллиондаған теңгемен есептелуі мүмкін. Сонымен, қылмыстық істі тергеу барысында мемлекетке осындай жалған хабарламамен келген материалдық залал жыл сайын 500 мыңнан екі миллион теңгеге дейін екені анықталды", - деді Алмас Талқанбаев ІІМ брифингінде.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Қ. Әбілдәқызы