Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды

Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметтер бойынша қазақстандықтардың орташа жасы - 32.

"2018 жылдан бастап орташа жас ұлғайды. Орта жастағы өсім ерлер мен әйелдер арасында да, ауыл мен қала тұрғындары арасында да байқалды. Биыл жыл басында ерлердің орташа жасы 30,5, әйелдердің орташа жасы 33,7 болды. Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары, сәйкесінше 32,6 және 31,5 жас", - делінген Ұлттық статистика бюросы хабарламасында.

СҚО-да өңірлер арасында ең жоғары орташа жас, яғни 38,9 жас. Ал керісінше Маңғыстау және Түркістан облыстарында орташа жас ең төменгі болып отыр, яғни 27,6 жас.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова