"Орындықпен билеп вальс үйрендім". Омар Жәлел тойдағы биіне қатысты түсініктеме берді

"Орындықпен билеп вальс үйрендім". Омар Жәлел тойдағы биіне қатысты түсініктеме берді
Фото: Видеоскрин

Белгілі ғалым, Абайтанушы Омар Жәлел би арқылы Құдаймен байланысқа шығатыны туралы "Адал адам" Youtube арнасы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әскерде орындықпен де вальс билеген.

"Бала кезімнен бері билеймін. Тіпті әскерде болғанда да орындықпен вальс үйренгенім бар. Өйткені мен еркін өмірге дайындалдым. Биді өнер деп қабылдаймын. Ал өнер - Құдайдан. Құдаймен байланысқа шығу үшін адам дүниені ұмыту керек. Билеген кезде денені ұмытамыз. Осы қылығым арқылы мен қоғамның миына сыймай жатырмын. Қоғам менің байсалды, ішпейтін, жемейтін образымды жасап алған. Тойда билеуге қорыққан адам ертең жау келгенде  қорқып шықпай қалады", - деді ғалым. 

Қазір ғалым Сюцай ілімімен айналысып жүр. Мұның бизнес екенін де атап өтті.

"Менің мақсатым - иллюзияда жүрген адамдарды ояту, шындықты үйрету. Сюцай - қазақтың өз ілімі. Тек аты ғана бөлек. Егер оны "ізгілік әлемі" деп қазақша атаса, ит-құс, дайын еместердің бәрі келуші еді. Сюцай деп атаған себебі, мұнда қорқынышын жеңген адамдар ғана келеді. Қазір Сюцай халықаралық мектебінің тренерімін. Сабақ бергеніме орай ақы аламын. Бұл - бизнес", - деді Омар Жәлел.

Еске салайық, бұған дейін Омар Жәлел өзін биі үшін сөккендерге жауап бергені жарияланған болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы