Қостанайда ер адам лифтіде итті тепкілеп тастаған

Қостанайда ер адам лифтіде итті тепкілеп тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосын Орал көшесі, 45 "Б" ("Теңіз"тұрғын үй кешені) тұрғындары жіберген. Олардың айтуынша, оқиға 4 қыркүйекте түн ортасында болған. Кадрда "аккумулятор сарапшысы" деген жазуы бар киім киген ер адам итті жұдырықтап, кейін тепкілегені көрінеді. Ал қорыққан ит лифтіде қажетін өтеген.

Таңертең ер адам лифтіге келіп, еденді жуып кеткен. Полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Ер адамның кім екенін анықтау үшін шаралар қабылданып жатыр. Тексеріс барысында оны жауапқа тарту мәселесі шешіледі", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!