Тоқаев жаңа сауда және интеграция министріне нақты тапсырма берді

Тоқаев жаңа сауда және интеграция министріне нақты тапсырма берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент қазақстандық экспорт үшін жаңа нарықтарды қарастыру барысында министрлік белсенді жұмыс істеуі қажет екеніне назар аударды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы халықаралық нарықтарда ұлттық экономикалық мүддені қорғау, импортпен орнықты бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау қажет екенін айтты. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы серіктестерімен арадағы тауар айналымын арттыру және экономикалық сын-қатерлерге орай шұғыл әрекет ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова