Қанат Бозымбаев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Қанат Бозымбаев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды
Фото: Tengrinews.kz

Қанат Бозымбаев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "экономист" мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары түрлі қызметтерді атқарған. Соның ішінде 2009-2013 жылдары-Жамбыл облысының әкімі, 2013-2016 жылдары Павлодар облысының әкімі, 2016-2019 жылдары энергетика министрі, 2019 жылы Президенттің көмекшісі болды.

Айта кетейік, шенеунік 2022 жылы 11 маусымда Алматы облысының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова