Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 5-7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес алдағы күндері республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауады, күн салқындап, найзағай ойнап, жел тұрады. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда да жауын-шашын болады. 5 қыркүйекте жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

"Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп болжанып отыр. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнгі уақытта 2-10 градус жылы болады, күндіз 10-20 градус шамасында көтеріледі", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!