Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp-нөмірін жариялады

Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp-нөмірін жариялады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов WhatsApp-нөмірін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап WhatsApp мессенджерінде төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың ТЖ министрлігінің жеке құрамына арналған тікелей телефон нөмірі іске қосылып, жұмысын бастады.

ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша жедел және шұғыл шешімді талап ететін өздерін қызықтыратын және проблемалық сұрақтарды министрге тікелей жолдауларына болады.

Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету қажет.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек