"Қазақстан" шахтасының жұмысы ішінара тоқтатылды

Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасының жұмысы ішінара тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұл жайында "Қорғау" кәсіподағының өкілдері хабарлады. Ал осы өндіріс орнында 17 тамызда болған апаттан соң 600 қызметкер Көмір департаментіне қарасты өзге шахталарға жұмысқа орналасты.

АрселорМиттал Теміртау кәсіпорны өкілдерінің айтуынша, қазір өндірісті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүріп жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!