"Өлімге алып келеді". Грейпфрут шырыны адам денсаулығына қаншалықты зиян?

"Өлімге алып келеді".  Грейпфрут шырыны адам денсаулығына қаншалықты зиян?
Фото: pixabay

Грейпфрут шырыны - өте пайдалы. Оның құрамында көптеген дәрумендер мен минералдар бар. Бірақ бұл шырынның адам өліміне алып келетін сусынға айнлауы әбден мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. 

Грейпфрут алма немесе апельсин сияқты танымал жеміс емес. Бірақ ол өзінің ерекше қасиеттеріне байланысты көп адамға ұнайды. Бұл ащы-тәтті жемістер антиоксидантты флавоноидтарға бай. Олардың адам ағзасына тигізер пайдасы көп. Жүрек-тамыр жүйесін қалыпқа келтіреді, қабынуға қарсы әрекет етеді және ас қорытуды жақсартады. Сонымен қатар грейпфрут инсулинге төзімділікпен күресу арқылы қант деңгейін төмендетуге қабілетті. Денеде калийдің жиналуына көмектеседі, коллаген өндірісіне жауап береді, жүректі қорғайды және артық салмақтан арылуға ықпал етеді. 

Пайдасы көл-көсір Грейпфрут қалай қауіпті болады?

Science Alert басылымы ғалымдардың зерттеулеріне сілтеме жасай отырып бұл жемісті пайдалы ететін антиоксиданттардың өлтіруге қабілетті екенін жазды. Грейпфруттағы жоғары концентрациядағы фуранокумариндері белгілі бір дәрі-дәрмектердің әсерін күшейте алатындығы дәлелденді. Ал қанда препараттың концентрациясы жоғарылағанда келер қауіп көбейеді. 

Неліктен бұлай болады?

Бауыр мен ас ішекте әдетте "CYP3A4" деп аталатын фермент түзіледі. Ол токсиндер мен дәрі-дәрмектерді ағзадан шығарып, ыдыратуға көмектеседі. Ал Фуранокумариндер бауырдағы детоксикацияның бірінші кезеңіне араласады. Кейде бұл процесске бір стакан грейпфрут шырыны жеткілікті. Ондағы органикалық қосылыстар бауырдағы CYP3A4 ферментінің белсенділігін төмендетіп, нәтижесінде дәрі-дәрмектің сіңуіне әсер етеді. Препараттың көп бөлігі қанға еніп, денеде ұзағырақ қалады. Тіпті дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмекті көп ішкен болсаңыз да, артық дозалану әсерін тудырады.

Фуранокумариндерге басқаларға қарағанда көбірек әсер ететін дәрілер - статиндер, жоғары қысымды және қатерлі ісікке қарсы препараттар мен седативтер. Бұл дәрі-дәрмектерді грейпфрут шырынымен бір мезгілде қабылдаудың нәтижесі өте әсерлі болуы мүмкін. Ал салдары өте қауіпті. Тіпті өлімге әкелуі мүмкін. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Зинешов