Криштиану Роналду мансабындағы 850-голын соқты

Португалия ұлттық құрамасы мен Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасы ойыншысы Криштиану Роналду мансабындағы 850-голын соқты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta басылымына сілтеме жасап.

Бұл Сауд Арабия чемпионатындағы бесінші турының матчінде болды, онда "Әл-Хазм" өз алаңында "Әл-Насрмен" ойнаған еді. Роналду командасына төртінші голды әкелді. 

Осылайша, Роналду мансабындағы гол саны бойынша рекордын жаңартты. Оның есебінде клубтарда – 727 гол, Португалия құрамасында – 123 гол.

29 тамызда Роналду ұлттық лигаларда гол соғудан әлемдік рекорд орнатты. Ол Сауд Арабиясы чемпионатында "Әл-Шабааб" клубына қарсы матчте екі рет гол соғып, ұлттық лигалардағы 516 және 517-ші голды соқты.

Оның 517 голының үшеуі Португалия чемпионатында (Спортинг), 103-і Ағылшын Премьер-Лигасында (EPL) (Манчестер Юнайтед), 311-і Испания чемпионатында (Реал Мадрид), 81-і Италия чемпионатында ("Ювентус") және 19-ы - Сауд Арабиясы чемпионатында. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!