Алматыдағы моншалардың бірінен өрт шықты

Алматыда Бостандық ауданындағы Нұрлы шағынауданындағы жұмыс істемейтін моншадан өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖД мәліметінше, өртсөндірушілер өрттің жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралуына жол бермеу үшін барлық күшін жұмсаған.

"Көршілес ғимараттарды қорғау мен ондағы өртту сөндіру үшін өрт оқпандары берілді. Жедел штаб жұмылдырылды, екі өрт сөндіру орны құрылды. Оқиға орнында 66 адам, 22 техника жұмыс істеді. Полиция қызметкерлері қоршау ұйымдастырды", - деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері. 

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері өрт солтүстік жағынан оқшауланғанын атап өтті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!