"Мақтанғандай болмайын". Қырғызстан президенті болашақты болжайтын қасиеті бар екенін айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров болашақты болжай алатын қабілеті бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі АКИpress-ке сілтеме жасап.

Көрші мемлекет басшысы Чолпон-атада "Ақылман" президенттік лицейінің ашылуында күтпеген мәлімдеме жасады. Салтанатты рәсім барысында Жапаров мұндай оқу орнын құру туралы шешім қалай пайда болғанын түсіндірді.

"Іргетасынан бастап дайындағымыз келеді. Сонда ғана Қырғызстанның болашағын бір ғасыр бұрын болжай алатын және оның болашағын анықтайтын кадрлар дайындаймыз. Бұл біздің еліміздің болашағы үшін өте маңызды.

Мақтанғандай болмайын. 20-30 жылдан кейін елімізде не болатынын және ол қандай жолмен жүретінін болжай аламын. Менің болжамдарым үнемі сай келеді. Шындығында, бәрінде мұндай қабілет бар. Қазір болып жатқан жағдайды көріп, болашақты болжауға болады", - деді президент.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров күтпеген мәлімдеме жасап, қазаққа жиен екенін айтқан еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!