Ата-аналарға лайфхак: баланың жазуын қалай түзеуге болады?

Баланың жазуы нашар болуы көптеген ата-ананың "ауруына" айналады десе де артық емес. Жазу үлгісі баланың оқу үлгеріміне көп әсер ете қоймаса да, мұғалімдер көп жағдайда бұған белгілі бір талап қояды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі WH басылымына сілтеме жасап.

Бала қалай отырады?

Бұл орайда сабақ кезінде оқушы қалай отыратынына назар аудару өте маңызды. Жазу үлгісі 25 жасқа дейін қалыптасуы мүмкін. Сондықтан бала жазу дағдысын игеретін, үй тапсырмасын орындайтын кезде еңкейіп отырғанын немесе ыңғайсыз отырғанын көрсеңіз, оны түзетіңіз.

©️ Tengrinews.kz 

"Асықтырмау керек"

Көптеген ата-ана, әсіресе, мазасыз ата-аналар баласының белгілі бір кесте бойынша жұмыс істегенін қалайды. Бұл жағдайда бала мүмкіндігінше көп нәрсені істеуге тырысады, сондықтан барлық істі орындауға асығады, бұл жазуға да қатысты. Егер оның миы сапаға емес, жылдамдыққа бейімделсе, ол әріптерді дұрыс жазуды қалай үйренеді?

©️ Tengrinews.kz

Оқушыны асықтырмай, онымен бірге жазуға көбірек уақыт бөліңіз. Асығыстық, күйгелектік басылғанда, бала әлдеқайда түсінікті жаза бастағанын байқайсыз.

Нүктелер бойынша сурет салу

Мұндай қарапайым жаттығу бала кезімізден белігілі, бірақ оны соншалық пайдалы деп кім ойлаған? Нүктелер бойынша сурет салу арқылы бала сызықтар жүргізуді үйренеді.

©️ Tengrinews.kz

Тапсырманы жеңілдету үшін оған нүктелі сызықтар секілді жаттығуды беруге болады, бала мінсіз сызықтар жүргізе бастағаннан кейін нүктелер жаттығуына ауысуға болады. Ал нәтиже сізді де, мұғалімді де бір айдан кейін таңғалдыруы мүмкін.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!