Астанада алаяқтар ресейлік блогердің атынан қыздарды интим суреттермен бопсалаған

Астанада алаяқтар ресейлік блогердің атынан қыздарды интим суреттермен бопсалаған
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Астанада алаяқтар ресейлік танымал блогердің атынан 40 қызды интим суреттерімен бопсалаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қаскөйлер Instagram және Telegram арқылы ресейлік блогердің атынан жалған парақшамен қыздармен танысқан.

Ұзақ хат алмасу арқылы олар сенімге кіріп, содан кейін қыздардан интим суреттер алмасуды ұсынған. Алға қарай олар бопсалау құралы ретінде дәл осы суреттерді қолдана отырып, ақша талап ете бастаған.

Қылмыскерлерді Астана Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері іздеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыскерлер анықталған.

"Қазір бопсалау мен алаяқтыққа байланысты 40 дерек анықталды. Қылмыстық кодекстің 194 және 190-баптары бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова