Ақтауда 10 жастағы бала жоғалып кетті

Ақтауда 10 жастағы бала жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жоғалған Арыслан Самбаевты еріктілер мен полиция іздестіріп жатыр. Ол 29 тамызда үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, оралмаған.

Белгілері: дене бітімі орташа, бойы 145-150 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр.

Жоғалған бала туралы ақпараты бар кез келген адамнан мына телефонға хабарласу сұралады: +7(700)499-72-92, +7(775)390-91-85 немесе 102.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз