Әсет Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды

Әсет Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Әсет Ерғалиев 1986 жылы 18 маусымда Қостанай қаласында туған. 

Негізгі мамандығы - экономист. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. 2008 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ) мемлекеттік саясат экономикасы саласында бакалавр дәрежесімен, сондай-ақ халықаралық алмасу бағдарламасы аясында Швециядағы Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен бітірген. 2009 жылы Ұлыбританиядағы Йорк университетін экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен тәмамдаған. 2010 жылы Ұлыбританиядағы Ноттингем университетін бітіріп, экономикадағы философия магистрі дәрежесі берілді. "Ерен еңбегі үшін" медальмен марапатталған.

2010 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы қаңтарға дейін - Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Еуропа қайта құру және даму банкі Экономикалық департаментінің Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша өңірлік талдаушысы.
2013 жылғы қаңтардан 2016 жылғы маусымға дейін – ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Вице-президенті, Басқарма Төрағасының Орынбасары, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма Төрағасы.
2016 жылғы қазан – желтоқсан аралығында - "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.
2016 жылғы желтоқсаннан 2017 жылғы тамызға дейін - ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2017 жылғы тамыздан 2018 жылғы қыркүйекке дейін - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жобалық басқару орталығының меңгерушісі.
2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурызға дейін - ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.
2019 жылғы наурыз - тамыз аралығында - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.
2019 жылғы тамыздан 2021 жылғы қаңтарға дейін - ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
2021 жылғы қаңтардан 2022 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.
2022 жылғы 6 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз