"Пойызбен Алматыға келген". Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

"Пойызбен Алматыға келген". Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды
Фото: © instagram/_volontery_shymkent_lider.kz

Алматыға пойызбен келіп, кейін хабар-ошарсыз кеткен Шымкент тұрғыны Дмитрий Малиновский өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында мәлімдеді.

1977 жылы туған ер адам 13 тамызда кешке Алматыға пойызбен кеткен. Ол Алматыға 14 тамызда сағат 15:30-да келген. Содан бері оның орналасқан жері белгісіз болды.

Ал 1 қыркүйекте жоғалған адамның қайтыс болғаны анықталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова