Ақтөбе облысында мектеп оқушылары зейнеткерді тонап кеткен ұрыны ұстауға көмектесті

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Сондай-ақ 26 тамыз күні Жеңіс даңғылында зейнеткердің төсқалтасынан құжаттар мен ақшаны ұрлап кеткен күдіктіні ұстауға көмектескен 11-сынып оқушыларын марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 26 тамыз күні Жеңіс даңғылында болған. Қылмыскер зейнеткердің төсқалтасынан құжаттар мен ақшаны ұрлап кеткен. Осы оқиғаның кездейсоқ куәгері болған №16 мектептің 11-сынып оқушылары біреудің қайғысына бейжай қарамай, "102" арнасына қоңырау шалып, полиция келгенге дейін қылмыскерді қуып жетіп, оны видеоға түсіріп, ұстауға тырысқан.

Олардың қырағылығы мен батылдығының арқасында полиция қызметкерлері санаулы уақыт ішінде қылмыскерді қуып жетіп, ұстаған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!