Екібастұзда жол апатынан бір жасар сәби зардап шекті

Екібастұзда жол апатынан бір жасар сәби зардап шекті
Фото: Tengrinews.kz

Екібастұзда жол апатынан бір жасар сәби зардап шекті, бұл оқиғаға қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйек күні сағат 08:02-де Беркімбаев - Шахтерск көшелерінің қиылысында LADA Vesta және Toyota Surf маркалы екі автокөлік соқтығысты.

"Салдарынан Toyota Hilux Surf көлігі аударылып қалды. Toyota жүргізушісі мен екі көліктің екі жолаушысы Екібастұздағы ауруханаға медициналық көмекке жүгінді. Олардың арасында бір жастағы сәби бар", - деп хабарлады ведомство.

Автокөліктер мамандандырылған тұраққа қойылды. 

Облыстық жедел жәрдем станциясы 37 жастағы әйел адам мен бір жастағы бала зардап шеккенін хабарлады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан