Голубев пен Данилина US Open турнирінің екінші кезеңіне шықты

Голубев пен Данилина US Open турнирінің екінші кезеңіне шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстанның жұптық сындағы теннисшілері Анна Данилина мен Андрей Голубев Нью-Йоркте өтіп жатқан US Open турнирінің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Анна Данилина британиялық Хизер Уотсонмен бірге турнирдің бірінші айналымында америкалық теннисшілер Эмма Наварро/Пейтон Стернс жұбын 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Ал ерлер бәсекесінде Андрей Голубев пен ресейлік Роман Сафиуллинмен бірге америкалық Александр Ковачевич пен Николас Мореноны 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан