Оралов, Сүлейменова, Қарабаев. Тоқаев бірнеше министрді қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар министрді қызметінен босатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі басшылары қызметінен кетті.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Марат Қарабаев/gov.kz

"Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Дархан Қыдырәлі/gov.kz

"Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Асхат Оралов/instagram.com/askhat_oralov

"Мемлекет басшысының жарлығымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Зүлфия Сүлейменова/gov.kz

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз