Мұғалімнің күйеуі мектеп директорын ұрып тастаған: әйел ауруханадан бірақ шықты

Мұғалімнің күйеуі мектеп директорын ұрып тастаған: әйел ауруханадан бірақ шықты
Фото: nuz.uz

Өзбекстанның Сурхандария облысынде мұғалімнің күйеуі мектеп директорын ұрып тастаған. Ер адамға директор әйелінің жұмыс сағатын қысқартып тастағаны ұнамаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі nuz.uz сайтына сілтеме жасап. 

Директордың соққыға жығылғаны туралы оның әпкесі әлеуметтік желіде хабарлаған. Директор жансақтау бөлімінже жатыр. Бұл жағдайға қатысты облыстық прокуратура өкілдері пікір білдірген. Күдікті процессуалдық тәртіп бойынша ұсталды.

Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің 109-бабының 2-бөлігі (қасақана жеңіл дене жарақаты) және 277-бабының 3-бөлігінің "г" - тармағы (жұртшылық өкіліне не бұзақылық мінез-құлықтың жолын кесетін өзге де азаматтарға қарсылық көрсетуге байланысты бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина