Астанада ер адам өзімен танысқысы келмеген қызды тонап кеткен

Астанада ер адам өзімен танысқысы келмеген қызды тонап кеткен
Фото: tv-mig.ru

Астанада ер адам таныспай қойған қызды тонап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға қаланың 32 жастағы тұрғыны хабарласқан. Ол таңертең Бейбарыс Сұлтан көшесінде орналасқан тұрғын үйден шыққан кезде бейтаныс жігітпен кездесіп қалған. Ер адам таныспақ болған. Алайда қыз танысқысы келмеген. Осылайша ер адам қызды жерге құлатып, сөмкесін тартып алған. Сөмкеде қыздың құжаттары мен телефоны болған. Жәбірленуші ер адамның артынан жүгіргенімен қуып жете алмаған. 

Сөмкесі мен 150 мың теңгелік телефонынан айырылған қыз полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шарасы барысында 33 жастағы ер адам ұсталды. 

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина