Ренжіген әйел полицияға күйеуі көкөніс бақшасында қарасора өсіретінін айтып қойған

Ренжіген әйел полицияға күйеуі көкөніс бақшасында қарасора өсіретінін айтып қойған
Фото: elements.envato.com

Шымкентте ренжіген әйел күйеуі көкөніс бақшасында қарасора өсіргенін полицияға айтып қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, оны 1 жылға бас бостандығынан айырды.

Басылым мәліметінше, отбасыдағы жанжалдан кейін Шымкент тұрғыны полицияға жүгінген. Ол күйеуінің бақшасында тыйым салынған қарасора сорттары өсетінін айтып қойған, ал инспектор келген кезде ол үш бұтаны көрсеткен.

Тергеу барысында А. есімді тұрғын құрамында есірткі заттары бар қарасораның өсіруге тыйым салынған сорттарын өсіргені анықталған. Сотта сотталушы өз кінәсін мойындап, бақшасынан жабайы бұталарды тапқанын, оларды кейде суарғанын айтты. Сарапшының қорытындысына сәйкес тәркіленген өсімдіктер құрамында есірткі бары нақтыланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова