"Мұғалімдерге тегін". БҚО-да мектептегі техникалық қызметкерлер медициналық комиссияға шағымданды

"Мұғалімдерге тегін". БҚО-да мектептегі техникалық қызметкерлер медициналық комиссияға шағымданды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

БҚО-да мектептегі техникалық қызметкерлер медициналық комиссия ақылы екеніне шағымданды. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БҚО мектептерінің бірінің тазалықшылары жыл сайын медициналық комиссияға өздері ақша төлейтінін айтады.

"Мұғалімдер оны тегін өтеді, ал біз оған 4 мыңнан 7 мың теңгеге дейін төлеуіміз керек. 70 000 теңге жалақы аламыз. Бірақ киіндіріп, тамақ тауып беруіміз қажет отбасы, бала-шағамыз бар. Мұғалімдердің жалақысы - 300-500 мың теңге. Әрине, жақсы, қызғанбаймыз, олар үшін қуаныштымыз. Бірақ неге мемлекет мұғалімдер үшін медициналық комиссияны төлейді де, біз үшін төлей алмайды? Бізден де медициналық сақтандыруға ұстап қалады ғой", - дейді олардың бірі.

Денсаулық сақтау басқармасы өкілі медициналық комиссияны тек кәмелетке толмағандар тегін ала алатынын түсіндірді. Ведомство мәліметінше, мектеп қызметкерлері үшін әрбір ұйым жылына бір рет порталда өтінім қалдырады. Бұл жерде оқу орны техникалық қызметкерлерді тізімге енгізбеген болуы мүмкін. Сондықтан қызметкерлер мектеп директорына хабарласып, қосымша өтінім қалдыруы керек.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова