Оралда өрттен екі адам қаза тапты

Оралда өрттен екі адам қаза тапты
Фото: ТЖМ

Оралда өрттен 45 адам құтқарылып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 тамызда сағат 05:19-да Есенжанов көшесі 1/1 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен.

"Өртсөндірушілердің күшімен 18 адам құтқарылды, 27 адам эвакуацияланды", - делінген ведомство хабарламасында.

Пәтерлердің бірінен уланып қалған 1973 жылы туған ер адамның денесі табылған, ал 1979 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.

Өрт сағат 06.09-да оқшауланып, сағат 06.34-те толық сөндірілген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова