"Яндекс" жүргізушісі рөлде келе жатып насыбай атып, салдарынан ұйықтап кеткен

Танымал актер Асылхан Төлеповтің жұбайы Айсұлу Нарымбекқызы "Яндекс" жүргізушісі рөлде келе жатып насыбай атқанын, соның әсерінен жолда ұйқылы-ояу күйде көлік жүргізгенін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айсұлу Нарымбекқызының сөзінше, көлікте үш кішкентай бала да болған.

"Яндекс, такси жүргізушілеріне назар аударыңыздар. Салонда үш баламен отырдық, жүргізуші көлік тізгінінде келе жатып, насыбай атып отырды. Сөйтіп, ұйықтап кетті. Рөлде отырып. Біздің ескертуімізге елең етпеді, өйткені ұйқылы-ояу күйде отырды. Бағаны аспаннан алғандарыңыз аздай, енді жүргізушілеріңіз де аспанда қалықтап жүр", - деп жазған ол.

Бұл мәселеге қатысты "Яндекс" компаниясына сауал жолдадық.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!