"Болашақ" стипендиясының иегерлері белгілі болды

"Болашақ" стипендиясының иегерлері белгілі болды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлері белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

172 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада, 26 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Бұл ретте стипендиаттардың басым көпшілігі табиғи-техникалық блок бағыттары бойынша шетелде білім алады.

"Болашақ" стипендиаттары тізімін мына жерден көре аласыздар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан