Алматыда ер адам автобус жолаушыларын пышақпен қорқытып, түскен соң дөңгелегін теспек болған

Telegram-арналардың бірінде ер адам автобуста жолаушыларға пышақпен шабуыл жасамақ болғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға Алматыда №135 автобуста болған. 

"Жүйкесі жұқарған ер адам №135 автобустың жолаушыларын пышақпен қорқытып, автобустан түскеннен кейін дөңгелегін тескісі келді", - делінген видеода.

Алматы қаласы Полиция департаменті өкілі видеоға қатысты пікір білдірді.

"Бұл деректі Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеп жатыр. Оның кім екені анықталды, оны ұстау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша ер адам психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Оның әрекетіне ҚР заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!